Республикалық отбасылық «Ана мен бала» журналының шығармашылық ұжымы ел саясатын, басым бағыттарын негізге ала отырып, ұлт пен оқырмандарға қызмет етуге дайын, әлі де тың жобалармыз, ойға алған жемісті жұмыстарымыз жетерлік, осы сөзімізді іс жүзінде дәлелдеуге,қанатымызды көсіле, еркін қағуға Өзіңізден қолдау күтеміз! «Ана мен бала» тақырыбы ұрпағының болашағына бей-жай қарай алмайтын қоғамдаешқашан өзектілігін жойған емес. Иә, әрине, өйткені, ұлт пен болашақтың кепіліде – ана мен бала. Бұл тамыры терең, ой салар, маңызды мәселе Елбасымыз жүргізіп отырған сүбелі саясатта да айқын көрінуде. Сөзімізге тұздық сала кетейін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқанмемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялады. «Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе» деп ұрпақ жалғастығынсақтайтын аналарымыздың жан-жақты қорғалуын талап еткені де есімізде. Ана мен баланың жағдайы жақсы болса, елдің ертеңіне деген үлкен үміттің ақталатыны сөзсіз. Елбасы өзінің қолға алған саясатында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңілбөліп келеді. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне «Бала тәрбиелеу – болашаққа үлкен инвестиция» деуінде деүлкен мән жатыр. Бұл тұрғыда Елбасымыздың бастауымен, қолдауымен жүргізілген Жалпы ұлттық «Мерейлі отбасы» жобасы ауызтолтырып айтуға тұрарлық. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Еліміздің ақпарат алаңына соңғылардыңбірі болып қосылған отбасылық «Ана мен бала» журналы ел саясатын негізге ала отырып жарық көрген ұлт үшін де, жалпы мемлекет үшін де рөлі бөлек басылым. Осы ретте, Ана мен бала денсаулығынан бастап, тәрбие, білім, ұлттық құндылықтар сынды тақырыптар біздің журналдың бастыбасымдылықтары. Әрине, елге қызмет етіп отырған басылымдар жетерлік, дегенмен, дәл осы Елбасымыздың өзі басымдылық беріп, асаназар аударып отырған қоғамның бірден бір қорғауға алынуы тиіс топ – АНА мен БАЛАға арналған бір төбе басылым, нақ осы – «Анамен бала» журналы. Ал, «Ер Төстігім бір төбе» теңеуіндегі журналымыз оқырмандарын арттыру жолында өзіңізден қолдау күтеді. Бір ғана осы көмегіңіз біздің шабытпен жұмыс жасауымызғ.мүмкіндік берері сөзсіз.