«Аяла» қоры Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына екі аппарат сыйлады

«Аяла» қайырымдылық қоры облыстық балалар ауруханасына шақалақтардың өмірін сақтайтын инкубатор сыйлады.
Қайырымдылық қор тарту еткен инкубатор айы, күні жетпей өмірге келгендер үшін ең қауіпсіз аппарат. Мұнда бала оқшауланып, салмақ жинайды. Сондай-ақ қор туа бітті бауыры бүлініп, терісі сарғайған сәбилердің еміне арнайы шамды тарту етті. Екі құрылғыны сатып алуға 7 миллион теңгеден астам қаржысын жұмсалды. «Аяла» қоры біздің ауруханамыздың жансақтау бөліміне инкубатор, фототерапия аппаратын берді. Бірі туа бітті ауруға шалдығып, ота жасалған балалар үшін аса қажет. Екіншісі сәби терісінің сарғыштығын жоюға көмектеседі», - деді облыстық балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Толқын Серғазина.
Айта кетейік, Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасында жылына 80 мыңнан астам бала медициналық тексеруден өтеді. Оның 12 мыңнан астамы жатып ем қабылдайды.