"Авиценна" футбол командасы

Қазақстан құрамасының құрамында біздің "Авиценна" футбол командасының ойыншылары Краков қаласында (Польша) дәрігерлер арасында өткен мини-футболдан халықаралық турнирге қатысты.
Қазақстан Республикасының құрамасының құрамына АМО нейрохирург - дәрігері Қажғалиев Руслан, анестезиолог –реаниматолог Амзеев Арман, АМО хирург дәрігері Темірлан Сатен, стоматолог дәрігер Адилов Азамат, стоматолог дәрігер Орынбасаров Нұрхан, жедел жәрдем дәрігері Құлжан Әділжан, БҚММУ медициналық орталығының эндоскописі М. Оспанова Дарибаев Рүстем, ОПО неонатологы Жұмашев Азат, жедел жәрдем дәрігері Кубашев Рахман және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев кіреді.
Біздің команда Польша, Литва, Өзбекстан,Украина құрамаларымен ойнап, 2 жүлделі орынға ие болды.
Біздің футболшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!