"КДЛ ОЛИМП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің туралы ХАБАРЛАМА

"КДЛ ОЛИМП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
«Ақтөбе медицина орталығы үшін клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертханаларды құру және зертханалық зерттеулер қызметтерінің аутсорсингі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны тікелей келіссөздер әдісімен бастамашылық ету туралы
ХАБАРЛАМА
МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:
Клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертханаларды ұйымдастыру үшін жеке серіктестің 154,935 млн.теңге сомасында инвестициялары болжанып отыр.
МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі – 10 жыл.
Бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орналастыру
Келіп түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттілік.
МЖӘ жобасын іске асыру қажеттілігі мынадай себептерге байланысты:
1. клиникалық-диагностикалық зертхананы қайта жарақтандыруға, ақпараттандыруға және аккредиттеуге, сондай-ақ Ақтөбе медицина орталығының қазіргі заманғы микробиологиялық зертханасын ұйымдастыруға бюджеттік қаржыландырудың шектеулілігі;
2. халыққа зертханалық қызметтерді ұсыну сервисі деңгейін жақсарту қажеттілігі;
3. Ақтөбе медициналық орталығының қолданыстағы зертханасын зерттеу нәтижелерінің анықтығы мен ақпараттылығын арттырумен, сондай-ақ бір талдауды орындаудың өзіндік құнын төмендетумен қазіргі уақытта қолмен әдістемелер бойынша орындалатын зерттеулер санын төмендетумен жоғары технологиялық талдаушылармен қайта жарақтандыру қажеттілігі;
4. қазіргі уақытта бөгде ұйымдардың Аутсорсингі бойынша орындалатын микробиологиялық зерттеулерді орындаудың ұзақ мерзімі;
5. аурулардың кең спектрін ерте және дәл диагностикалау мақсатында зертханалық зерттеулер бойынша қызметтер тізбесін кеңейту қажеттілігі.
Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жататындығы – жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей емес.
Әлеуетті жекеше әріптестердің оны іске асыруға мүдделілік туралы балама ұсыныстарды ұсынуына қойылатын талаптар
Балама өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі - осы хабарлама жарияланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Егер 30 күнтізбелік күн мереке/демалыс күніне түссе, онда балама ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі мереке/демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.
Баламалы ұсыныстарды ұсыну мекенжайы:
"Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40
Байланыс телефоны: 8-7132-56-02-11
Добавлено: 
14.12.2019 - 05:00
Последние изменения: 
14.12.2019 - 05:00