"Алғашқы жәрдем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Ақтөбе облысының облыстық жедел медициналық көмек станциясын жаңғырту және пайдалану" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны тікелей келіссөздер әдісімен бастамашылық ету туралыХАБАРЛАМА

"Алғашқы жәрдем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Ақтөбе облысының облыстық жедел медициналық көмек станциясын жаңғырту және пайдалану" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны тікелей келіссөздер әдісімен бастамашылық ету туралы
ХАБАРЛАМА
МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері
Жедел шұғыл медициналық көмек станциясын жаңғырту мақсатында станцияны 34 автокөлік бірлігі, 1 жедел медициналық көмекті басқару медициналық ақпараттық жүйесі, 571 негізгі құралдарымен (оргтехника, жиһаз және басқалар) жарақтандыру үшін жоба шеңберінде жекеше әріптестің қаражатын салу жоспарлануда.
Жобаны іске асыру мерзімі-3 жыл
Бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары
Инвестициялық шығындарды өтеу
Келіп түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттілік.
МЖӘ жобасын іске асыру қажеттілігі мынадай себептерге байланысты:
- Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға біржолғы қаражат бөлу бөлігінде бюджеттік қаржыландырудың шектеулілігі;
- облыс тұрғындарына ұсынылатын жедел шұғыл жәрдем қызметінің деңгейін жақсарту қажеттілігі.
Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жататындығы
Жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей емес.
Әлеуетті жекеше әріптестердің оны іске асыруға мүдделілік туралы балама ұсыныстарды ұсынуына қойылатын талаптар
Балама өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі - осы хабарлама жарияланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Егер 30 күнтізбелік күн мереке/демалыс күніне түссе, онда балама ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі мереке/демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.
Баламалы ұсыныстарды ұсыну мекенжайы:
"Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40
Байланыс телефоны: 8-7132-56-02-11