«Диабет бақылауда!»

2019 жылы 14 қараша күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Арасан Актобе» ЖШС және М.Оспанов атындағы БҚММУ дәрігерлерімен бірлесіп Халық канцеляриясында қант диабетінің алдын алу бойынша акция өткізілді. Акция аясында эндокринолог, ВОП дәрігерлерінің кеңесін қамтыған «Денсаулық қалашығы» қызметі ұйымдастырылды. «Денсаулық қалашығы» барысында тұрғындардың артериалды қан қысымын, қандағы қант мөлшерін, Кетле индексі бойынша антропометриялық деректерді (бой,салмақ) өлшеу, акцияға қатысушылар арасында ақпараттық оқу-ағарту материалдарын тарату.