Избасаров Куандык Шингисович

Жаңа туылған нəрестеде желтуха пайда болған дейді. Педиатор бұл ауруханада емделмейді. Фото лампа дегенді олх актобеден қарап күніге 2000 теңгеге алуларың керек дегені дұрыс па. Ол 5 күнен аз мерзімге берілмейді екен. Сонда 10000 теңгеге жалдау керек. Неге выездной бригада ұйымдастырмасқа 500 теңгеден. Сол кезде балалардың бəрі сау деп шығаратын шығар көп жүргісі келмесе.Билирубин жоғары дегенді бір тестермен анықтапты сол анализді басқа жерге істетуге бола ма. Бұл фото лампаларды кімдер жалға беріп отырғанын ақша істеудің айласы емеспе деген ойлар қаттыыы мазалап нервімнің құрыыыып отырғаны болмаса.

Жаңа туылған нәрестелерде тері түсінің сарғаюы физиологиялық жағдайда немесе қандай да бір аурудың салдарынан патологиялық жағдайда болуы мүмкін. Оны ажырату үшін қандағы билирубин деңгейін анықтау қажет. Емхана деңгейінде билирубин деңгейі билитест құрылғысымен анықталады. Бұл анализді басқа да лабораторияларда анықтауға болады. Билирубин деңгейі қалыпты жағдайдан жоғары болған жағдайда фототерапия жүргізіледі. Билирубин деңгейі өте жоғары және баланың жағдайда нашар болған кезде бала ауруханаға жолданады. Фототерапиялық құрылғылар кейбір қалалық емханаларда бар. Егер де, Сіздің балаңыз тіркелген емханада фототерапия құрылғысы болмаса келісім шарт арқылы басқа емханаға тегін жолдауға болады
Категория: 
Здравоохранение