«ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК» балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпусты салу және пайдалану» мемлекет-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау үшін байқау өткізу туралы ХАБАРЛАМА

«ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК» балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпусты салу және пайдалану» мемлекет-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау үшін байқау өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК» балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпусты салу және пайдалану» мемлекет-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау үшін екі кезеңдік байқаудың бірінші кезеңінің басталғаны туралы жариялайды.
Аталған кезеңде байқауды ұйымдастырушы «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ әзірленген техникалық тапсырмаға сәйкес жеке серіктестерден техникалық ұсыныстар жинауды жүзеге асырады.
1. Жоба туралы мәліметтер
Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:
Мақсаты: Ақтөбе облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын жақсарту.
Міндеттер: «ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК» балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпусты салу және пайдалану».
2.Ықтимал жеке серіктестің техникалық тапсырмаға сай техникалық ұсыныстарды ұсыну күні, орны мен уақыты
Байқауға қытысқысы келетін ықтимал жеке серіктеске хабарлама шыққан күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде техникалық тапсырманы сұратып/алып төмендегі мекенжайлар бойынша соңғы 60 күнтізбелік күні сағат 18.00-ге дейін техникалық тапсырмаға сай әзірленген техникалық ұсыныстарды ұсыну қажет:
· Почталық адресі: 030010.
· Ұйымның атауы: «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ.
· Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 6 қабат, 602 кабинет.
· Телефон нөмірлері: 8 713 256-30-55, 8 713 256-02-11,
· Ресми сайт: www.densaulyk.aktobe.gov.kz
60 күнтізбелік күнді есептеу осы хабарлама жарияланған күннен бастап есептелінеді. Егер 60 күнтізбелік күн мерекелік демалыс күніне келсе, онда техникалық ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі мерекелік/демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.