Ақтөбе қаласындағы Республикалық медициналық палатаның V съезі

Палатада 2013 жылы құрылған және ерікті мүшелікке негізделген, медицина қызметкерлерінің тәуелсіз, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі реттейтін бірлестігі болып табылады, ол денсаулық сақтау, адами ресурстарды басқару, медициналық көмектің сапасын жақсарту, медициналық қызметкерлердің беделін көтеру және олардың мүдделерін қорғау саласындағы қызметті мақсат етеді. Палата жанжал жағдайларын шешуге белсенді қатысады, делдал рөлін атқарады.
Съезде талқыланатын негізгі мәселелер - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа үлгісін енгізу, лицензиялау және арнайы сертификаттау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек саясаты.
Республикалық палатаның V съезі 2019ж. 4-5 қазанында өтеді.Бұл іс-шараға Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Надыров Қамалжан Талғатұлы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰА басқарма Төрағасының орынбасры Байжунисов Эрик Абенович, Денсаулық сақтаудың кадрлар обсерваториясының бас мамандары Хафизов Еркен Бектасұлы және дәрілік заттарды аймақтық қолдану жөніндегі орталықтың стандарттар бөлімінің есепшісі Есбатырова Ләззат Мұратқызы. Сондай-ақ Зап-Каз медиация және келіссөздер жүргізу орталығының жетекшісі Куратева Алия Владимировна.
Съездің негізгі міндеттері: медициналық қызметкерлердің және олардың мүдделерін қорғаудағы медициналық палатаның қызметі туралы ақпарат . Медиация мәселелері.
- Денсаулық сақтау саласының кадрлық құрамы.
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа үлгісін енгізу мәселелері, ОСМС енгізу аясында медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселелері Лицензиялауға және бейінді сертификаттауға көшу туралы.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында халықты ақпараттандыру, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде .Бүгінгі таңда 63 емхана қорымен келісімге қол қойды. Оның 26-сы жеке меншік. Жеке меншіктер стационарлық, стационарлық, амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге көлем бөлуге белсенді қатысады. Дәл осы клиникалар мемлекеттік медициналық ұйымдармен бірге халыққа ақысыз қызмет көрсетеді. Жеке меншік клиникалардың ОСМС жүйесіне қызығушылық артып келе жатқанын атап өткен жөн.
2020-шы жылдың бірінші қаңтарында Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Үкімет медициналық қызметтің екі түрлі пакетін бекітті. Біріншісі- тегін медициналық кепілдендірілген көмек. Тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем, санитарлық авиация, алғашқы медициналық санитарлық көмек, жедел күндізгі стационарлық , жедел стационарлық , паллиативті көмектер кіреді. Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар, созылмалы және қоғамға қауіп төндіретін ауруға шалдыққан адамдар дәрігерлерден тегін кеңес алып, диагностикадан өтіп, жоспарлы стационарлық, жоспарлы күндізгі стационарлық көмектер алуға құқылы. Терапевт, педиатрдің қызметі барлығымыз үшін тегін болады.
Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна аударып отырған тұрғындар үшін медициналық көмектің екінші пакеті бар. Сақтандырылған азаматтар профилактикалық медициналық тексеруден тегін өте алады. Қымбат зертханалық қызметтер де тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, сақтандырылған адамдар тегін медициналық көмек көлеміне кірмейтиін ауруға шалдықса да амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласында МӘМС-ті енгізумен айтарлықтай өзгерістер болады. Мәселен, келер жылдан бастап денсаулық сақтауды қаржыландыру 1,4 есе, нақтырақ айтқанда 41,9 миллиард теңгеден 58,2 миллиард теңгеге дейін өседі. Өңір тұрғындары қолжетімді, сапалы медициналық қызмет алады. Бұл өз кезегінде денсаулықты жақсартып, өмір сүру ұзақтығына әсер етеді.
МӘМС жүйесі енгізілген уақытта ақтөбеліктердің 80,4 пайызы тегін медициналық көмек алатын болады. Ақтөбе облыстық статистика департаментінің дерегінше биыл алғашқы жарты жылдықта өңірде 260 мыңға жуық бала, 86 мың 700 зейнеткер тұрып жатыр. Олар 2020-шы жылдан бастап автоматты түрде сақтандырылған азаматтар санатына енгізіледі. Олар үшін жарнаны мемлекет аударады. Сондай-ақ, өңірде 18 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген. Олар МӘМС заңы бойынша 2020-шы жылдан бастап өздері үшін жарна төлеулері шарт.
Төлем жасалып қойған тұтынушыларға балалар, зейнеткерлер мен кәсіпкерлерді қосқан кезде олардың саны 701 252 адамға жетеді. Облыс тұрғындарының саны қазір 872 мың адам десек, бұл жалпы ақтөбеліктердің 80,4 пайызы.