Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде халықтың вакцина-профилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы хабарлады

Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ақтөбе облысы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау мақсатында жүзеге асырылатын инфекциялық аурулардың иммундық-профилактикасы және вакцинациялау саласында жүргізіп отырған жұмысы туралы хабарлады.
Іс-шараға Департамент басшысы Беркимбаева Нұрсұлу Алтынбековна, облыстың инфекционист дәрігері Құрманғазин Мейрамбек Сағынайұлы қатысты.
Нұрсұлу Беркимбаева баяндамасының барысында Ақтөбе облысында инфекциялық ауруларға қарсы күрес бойынша бағдарлама иммундық-профилактика арқылы іске асырылады деп атап айтты.
Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді болып танылған. Қазақстан Республикасында, соның ішінде Ақтөбе облысында 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сапалы вакциналар сатып алынады, – деп атап айтты Департамент басшысы.
Мысалы, Ақтөбе облысында жыл сайын туберкулезге қарсы 18 мыңнан астам жаңа туған нәресте және 9 мыңнан астам 6-7 жастағы балалар вакцинацияланады.
Өткен кезеңде облыста 11 мыңнан астам бала егілді, олардың ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ.
Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездің ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Соңғы 5 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылық 1,3 есеге (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 68,9-дан 2018 жылғы 51,7-ге дейін), өлім 1,3 есеге (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 3,6-дан 2018 жылғы 2,8-ге дейін) төмендеді.
Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.
Бірақ, «Japan BCG Laboratory» (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтата тұрылды.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастыруда.
Сондай-ақ, баспасөз-конференциясы барысында Департамент басшысы облыстағы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы журналисттерді хабардар етті.
Нұрсұлу Беркимбаеваның айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды Департамент тұрақты бақылауға алып отыр. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, 250 астам науқаспен қарым-қатынаста болған адам қызылшаға қарсы егілген.
Қызылшамен сырқаттанушылық 1 жасқа толмаған егілмеген балалардың арасында көп тіркелетінін ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. 7 мыңнан астам бала егілді. Бұдан басқа, 3624 медицина қызметкері егілді, - деп хабарлады Департамент басшысы.
Ересек тұрғындардың арасында неғұрлым жоғары сырқаттанушылық 20-29 жас аралығындағы жас ерекшелік тобының арасында тіркеледі. Осыған байланысты, 2019 жылғы қыркүйекте осы жастағы жастардың арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау кампаниясы басталады.
Профилактикалық егулерден бас тартқан жағдайда, ата-аналар баласын инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екендігін есте сақтауы қажет.
Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті балаңыздың инфекциялық ауруларға қарсы вакцинасы болуын тексеруге және вакцинация болмаған жағдайда профилактикалық егулер алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге ұсыным береді.