Мемлекет-жекеменшік серікестігінің «Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында ауысымына 500 келіп-кетуге арналған қалалық емхана құрылысы пен іске қосу» жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау үшін байқау өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Мемлекет-жекеменшік серікестігінің «Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында ауысымына 500 келіп-кетуге арналған қалалық емхана құрылысы пен іске қосу» жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау үшін байқау өткізу туралы ХАБАРЛАМА
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекет-жекеменшік серікестігінің «Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында ауысымына 500 келіп-кетуге арналған қалалық емхана құрылысы пен іске қосу» жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау үшін екі кезеңдік байқаудың бірінші кезеңінің басталғаны туралы жариялайды.
Аталған кезеңде байқауды ұйымдастырушы «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ әзірленген техникалық тапсырмаға сәйкес жеке серіктестерден техникалық ұсыныстар жинауды жүзеге асырады.
1. Жоба туралы мәліметтер
Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:
Мақсаты: Ақтөбе облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын жақсарту.
Міндеттер: «Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданында ауысымына 500 келіп-кетуге арналған қалалық емхана құрылысы мен іске қосу.
2. Ықтимал жеке серіктестің техникалық тапсырмаға сай техникалық ұсыныстарды ұсыну күні, орны мен уақыты
Байқауға қытысқысы келетін ықтимал жеке әріптестер хабарлама шыққан күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде төмендегі мекенжайлар бойынша соңғы 60 күнтізбелік күні сағат 18.00-ге дейін техникалық тапсырмаға сай әзірленген техникалық тапсырманы сұрату/алу қажет және техникалық ұсыныстарын беру қажет:
· Почталық адресі: 030010.
· Ұйымның атауы: «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы».
· Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 6 қабат, 602 кабинет.
· Телефон нөмірлері: 8 713 256-30-55, 8 713 256-02-11,
· Ресми сайт: www.densaulyk.aktobe.gov.kz
60 күнтізбелік күнді есептеу осы хабарлама жарияланған күннен бастап есептелінеді. Егер 60 күнтізбелік күн мерекелік демалыс күніне келсе, онда техникалық ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі мерекелік/демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.