Облыстық мәслихатының шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Облыстық мәслихатының шешімінің жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган «Ақтөбе облысның денсаулық сақтау басқармасы» ММ болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылғы 26 тамыздағы № 01-2/65 Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынылған.
Облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы» шешімінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында 2019 жылы 23 тамызда орналыстырылды.
Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылы 09 қыркүйекте аяқталды.
Жоба
Облыстық мәслихаттың шешімі
Ақтөбе қаласы № 2019 жылғы " " тамыз
Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және
фармацевтика қызметкерлерiнәлеуметтiк қолдау шараларыныңжүйесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын:
ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерінәлеуметтік қолдау 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолымен.
2. Қоса беріліп отырғанАқтөбе облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету Қағидасы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А.БОЛАТОВ
Облыстық мәслихаттың
хатшысы
С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА