Әлеуметтік мәселелерді шешу

2019 жылдың 20-21 тамызында инфекциялық емес аурулардың алдын алу, вакцинациялау, салауатты өмір салтын жүргізу мәселелері бойынша консультациялық-медициналық көмек көрсету, санитарлық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында дәрігерлер бригадасы № 1 қалалық емхананың тіркелген тұрғындары арасында жұмыс жүргізді. "Десанта" барысында кардиолог, стоматолог, онколог, хирург, педиатр, невролог, окулист дәрігерлерімен 625 адам қаралды және кеңес берілді, оның ішінде 247 бала. 100 отбасы-ауланы аралау арқылы вакцинациядан бас тартушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 75 адамды қамти отырып, репродуктивті денсаулық және қажетсіз жүктілік бойынша жасөспірімдер мен жастармен семинарлар, әңгімелер өткізілді. Жұмыс қаланың барлық емханаларында жалғасады.