«Емізу – бала саулығының негізі»!

2019 жылдың 6 тамыз күні облыстық перинаталды орталықта жас аналар арасында «Емізу – бала саулығының негізі»! атты акция өткізілді.
Акция барысында барысында дәрігерлер жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі тамақтанудың маңызы, вакцинация, емшек емізудің артықшылықтары, сондай-ақ емшек сүтімен емдеу технологиялары туралы айтып өтті. Бейне көрсетілім және оқу-ақпараттық материалдары таратылды. Жас аналар дәрігерлердің сөз сөйлеуіне қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.