ТМККК және МӘМС пакеттері

1. ТМККК және МӘМС пакеттері
Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіле бастамақ.
Біріншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті.
Кепілдендірілген тегін көмек (ТМККК) пакеті ең минималды стандарттардан тұрады. Оған қандай қызметтер кіреді? Дәрігерлік көмекті қажет ететін шұғыл жағдайларда көмек көрсету, жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды динамикалық бақылау, шұғыл жағдайда стационарда емдеу осы пакет шеңберінде жүзеге асырылады. Мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамай пайдалана алады.
Мемлекет тарапынан кепілдік берілген көмек бойынша барлық азаматтар: емханаға қаралып, стационарда жатып емделе алады; әлеуметтік маңызы бар аурулар осы пакет негізінде тегін емделеді. Медициналық оңалту қызметін тек туберкулезге шалдыққандарға ғана пайдалана алады. Зәру азаматтарға тегістей паллиативтік көмек көрсетіледі. Негізгі жұқпалы емес аурулар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар да осы тәртіп бойынша емделеді.
ТМККК пакеті азаматтардың бәріне, бюджет есебінен тегін көрсетіледі. Сондықтан да бұл кепілдендірілген стандарт болып саналады.
Көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті. Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды т.б. қызметтер кіретін МӘМС пакетін сақтандырылғандар пайдалана алады.
МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енбеген сырқаттарға шалдыққан жағдайда стационарды алмастыратын көмек пен жоспарлы стационарлық көмек те МӘМС пакеті шеңберінде көрсетіледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың бізге не қажеті бар? Біздің елде азаматтар денсаулыққа жұмсалатын жалпы шығынның 40 процентін өз қалтасынан төлейді. Дәрі-дәрмек сатып алады, ақылы клиникаларға қаралады. Мұның отбасы бюджетіне едәуір салмақ түсіретіні даусыз. Жаңа жүйе осы шығындардың белгілі бір бөлігін сақтандыру есебінен жабуға мүмкіндік береді. Реформаның маңызы міне, осында.
2. ТМККК шеңберіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек халықты тіркеумен айналысатын емханалар мен клиникалар тарапынан көрсетіледі. БМСК учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, тіркелген емханадағы медбике сынды мамандар қызметінен тұрады. Бұған: профилактикалық екпелер мен скринингтер; жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды дәрігерлік бақылау; созылмалы аурулар (25 топ бойынша) мен әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, туберкулез, ВИЧ, психикалық аурулар) динамикалық бақылау сынды медициналық қызмет түрлері жатады. Жалпы, бұл ауруларды емханадағы учаскелер деңгейінде басқаруға болады. Мәселен, емханалардағы қант диабеті мектептерінің көмегімен іске асыруға әбден болады.
Азаматтардың барлығы шұғыл медициналық көмек ала алады, терапевке қаралып (созылмалы ауруы асқынғанда), диагностикалық көмек, соның ішінде лабораторлық диагностика қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, әр адам мамандардан салауатты өмір салты, репродуктивтік денсаулық мәселелеріне қатысты кеңес алуына болады.
3. ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмек
ТМККК:
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмек түрлері:
- динамикалық бақылауға алынатын немесе әлеуметтік маңызы бар сырқатқа диагноз қою;
- динамикалық бақылауға алынатын созылмалы ауруға шалдыққан пациентке консультация беру;
- халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына бағасы қымбат болып келетін медициналық қызмет түрлерін көрсету
МӘМС:
МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмек түрлері:
- ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеру – жылына 1 рет;
- стоматологиялық қызметтер (18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар);
- салалық мамандардың қабылдауы, консультациясы мен ем-дом шаралары;
- динамикалық бақылауға жатпайтын созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттерді салалық мамандардың бақылауы;
- лабораторлық диагностика (соның ішінде бағасы қымбат болып келетін қызмет түрлері);
4. ТМККК және МӘМС шеңберіндегі стационарды алмастыратын көмек
ТМККК:
Стационарды алмастыратын көмек әлеуметтік маңызы бар аурулар мен динамикалық бақылауға алынатын созылмалы ауруларға шалдыққандарға көрсетіледі. Сондай-ақ, тәулік бойғы стационарда емдеуді қажет етпейтін сырқаттар диагноз қойғанға дейін стационарда диагностикалық тексеруден тегін өте алады.
МӘМС:
Стационарлық көмек сақтандырылған азаматтарға (кепілдендірілген тегін көмек пакетіне кірмейтін ауруларға шалдыққан жағдайда) тегін көрсетіледі. Оған ауруханаға жатуға себеп болған, асқынған ауруларды (эстетикалық мақсатта жасалған пластикалық операцияларды қоспағанда) емдеу, созылмалы ауруы асқынған пациенттерге үй жағдайында көмек көрсету, салалық мамандар кеңесі, диагностикалық (соның ішінде бағасы қымбат болып келетін) қызметтер жатады.
5. ТМККК шеңберінде көрсетілетін стационарлық көмек
ТМККК:
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде көрсетілетін стационарлық көмекті шұғыл жағдайларда барлық азаматтар пайдалана алады. Жоспарлы стационарлық көмек динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы ауруларға көрсетіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жұқпалы ауруларға және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан пациенттер де стационарда емделе алады.
МӘМС:
Сақтандырылған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енбеген ауруларға шалдыққан жағдайда жоспарлы стационарлық көмекті МӘМС пакеті шеңберінде алады. Оған мынадай қызметтер кіреді:
- салалық мамандардың консультациясы;
- диагностикалық қызметтер (соның ішінде лабораторлық диагностика);
- ауруханаға жатуға себеп болған, асқынған ауруларды (эстетикалық мақсатта жасалған пластикалық операцияларды қоспағанда) емдеу;
- қанмен және қан компоненттерімен қамтамасыз ету;
- жоғары технологиялы медициналық қызметтер;
- медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом шаралары;
- емдік тамақтану.
6. Паллиативтік көмек және медбике күтімі
Медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом
ТМККК:
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық оңалтуды туберкулезбен ауырған пациенттер пайдалана алады. Паллиативтік көмек туберкулезбен, онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге, терминалдық стадиядағы сырқаттарға, өзгенің көмегінсіз тамақтанып, жүріп-тұра алмайтын науқастарға көрсетіледі.
МӘМС:
Сақтандырылған азаматтар медициналық оңалту қызметі мамандандырылған орталықтарда/оңалту бөлімшелерінде көрсетіледі. Ал, балалар мен мүгедектерді оңалту амбулатория жағдайында жүргізіледі.
7. ТМККК және ОСМС: амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
ТМККК:
Әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан науқастар да, ТМККК шеңберінде динамикалық бақылауға алынатын пациенттер де амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Динамикалық бақылауға: қант диабеті, гипертония, демікпе, вирусты гепатит, туберкулёз, онкологиялық және психологиялық аурулар жатады.Сонымен қаар, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын пациенттер және арнайы емдік тағамдар мен иммунобиологиялық препараттарды қажет ететін азаматтар да тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
МӘМС:
ТМККК тізіміне енбеген сырқаттар амбулаторлық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмекпен МӘМС есебінен қамтамасыз етіледі. Оған мыналар кіреді:
- өткір ауруларға шалдыққан ересек азаматтар (7 түрлі сырқат бойынша);
- дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып, стационарлық емді амбулаторлық емге алмастыру;
- емхана деңгейінде динамикалық бақылауға алынатын ауруларды емдеу (12 түрлі сырқат бойынша);
- лконсультативтік-диагностикалық көмек нысаны деңгейінде динамикалық бақылауға алынатын ауруларды емдеу (21түрлі сырқат бойынша);
- амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына көшу.