Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бұйрығы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті densaulyk.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, ашық порталда 2019 жылдың 25 наурызында салынды, қоғамдық талқылаудың мерзімі 08 сәуір 2019 жыл, пікірлер жоқ.