Хабарландыру-

Құрметті облыс және қала тұрғындары! Барлығыңызды мамырдың 18-інде Ақтөбе облысының психикалық денсаулық орталығының ұйымдастырумен өтетін «Ашық есік күні» алдын-алу шарасына шақырамыз. Бұл күні барлығы диагностикалық зерттеулерден тегін өтіп, мамандардың жеке консультациясын анонимді түрде алуына болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір жер шарындағы халықтың 25 пайызы түрлі жүйке ауыруларымен ауырады. Ал Қазақстанда әрбір төртінші адамға психиатр маманның көмегі қажет.
«Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен өткізілгелі отырған шараның мақсаты психикалық денсаулық мәселесін ашық талқылау, халықты психикалық бұзылыстарға қатысты хабардарлығын көтеру болып табылады.
Қабылдауды психиатр-наркологтар, психотерапевтер, балалар психиатры, жетекші клиникалық медициналық психологтар жүргізеді. Сондай-ақ электроэнцефалография және электрокардиография сияқты диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Азаматтарды қабылдау сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі. Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс селосы, Жаңақоныс тұрғын үй кешені, 4B ғимаратында жүргізіледі. «Онкология» аялдамасы, 21,45,37 қоғамдық көліктері қатынайды. Мамандардың жұмысы туралы қосымша ақпаратты 53-42-01 нөмірінен ала аласыз