2019 жылғы «8» мамырдағы -Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, 80 үй, 2 бөлігі, 46 т.е.б.-деорналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбеоблысыбойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылғатегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде*:
медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:
1) консультациялық-диагностикалық көмек; КЖБШН кірмейтін КДҚ -
мамандандырылған бағытта халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған диагностикалық зерттеулердің қымбат түрлері: компьютерленген томография, магнитті-резонансты бейнелеу, күдікті рак ауруы бар науқастар үшін (Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 29 маусымында № 395 РЦКК бекіткен 2018-2022 жылдарға арналған рак ауруларымен күрестің кешенді жоспарына сәйкес);**
2) стационарлық көмек:
- жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға;
- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
- мейірбике күтімі;
3) білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық көлікпен тасымалдауға байланысты медициналық көмек;
медициналық көмек түрлері бойынша:
медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде:
1) туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету;
2) онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету: молекулярлық-генетикалық және молекулярлық биологиялық диагностиканы жүргізу, телепатология арқылы ісік биопастерлерінің халықаралық телеәдістемесін өткізу, арнайы емдеуге мүмкіндік бермейтін IV клиникалық топтағы онкологиялық науқастардың паллиативтік көмек көрсетуін қамтамасыз ету(Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 29 маусымында № 395 РЦКК бекіткен 2018-2022 жылдарға арналған рак ауруларымен күрестің кешенді жоспарына сәйкес)
көрсетілетін қызметтер бойынша:
- қан қызметі саласындағы қызметтер; ***
- патологоанатомиялық диагностика қызметтері; ***
Көрсетілген медициналық қызметтер Ақтөбе облысының аумағында көрсетіледі.
Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, 80 үй, 2 бөлігі, 46 т.е.б.-де,№2г-кабинетіне ұсынады.
Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2019 жылғы«8» мамыр09 сағат 00 минут.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «17» мамыр18 сағат 30 минутқа дейін.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7132) 97 23 19.
Ескертпе:
* өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау субъектілері ұсынады. www.fms.kz Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау www.mz.gov.kz Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының www.densaulyk.aktobe.gov.kz).
** өтінімдерді онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері бір онкологиялық науқасқа кешенді тариф бойынша береді.
*** сұраныстарды Денсаулық сақтау субъектілері береді, олардың қажеттіліктеріне қарай ақы төленбейтін қызметкерлердің жалақысын арттыруға қосымша қаражат бөлінді