«Дұрыс тамақтану орталығы» ашылуының

«Ұлт денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе медициналық орталығының базасында дұрыс тамақтану орталығы ашылады. Мақсаты: аурулардың алдын алу факторларының бірі ретінде ұтымды, теңгерімді тамақтану мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру арқылы тамақтану және салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени сана-сезімді тәрбиелеу.
Әлемде мынадай үдерістер байқалуда: қуаттық құндылығы жоғары және майлы азық-түліктерді тұтынудың өсуі; көптеген қызметтердің аз қозғалысты сипатта болуына, қозғалыс тәсілдерінің өзгеруі мен қалаланудың өсуіне байланысты дене белсенділігінің төмендеуі.
Тамақтану жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің, жоғары қан қысымы, холестерин және қан триглицеридтерінің жоғары деңгейі, артық салмақ пен семіздік қауіпті факторларына байланысты.
Дұрыс тамақтану күнделікті дене жүктемесімен жақсы теңдестірілген тағам, оның негізі деннің саулығы болып табылады. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің әлсіреуіне, ауруға шалдығудың артуына, дене мен психикалық дамудың бұзылуы және өнімділіктің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Дұрыс тамақтану тәжірибесін ерте қажет – баланы емізу дұрыс өсуге ықпал етіп, когнитивті дамуды жақсартады және болашақтағы денінің саулығына пайдалы, мысалы, артық салмақ пен семіздіктің пайда болуы және кейін жұқпалы емес аурудың (бұдан әрі - ЖЕА) даму қаупін төмендетеді.
Бағдарламада: ОДСБ-ның басшысы, салауатты тамақтану орталығының кураторы, М. Оспанова БҚММУ-нің салауатты тамақтану мәселелері жөніндегі қызмет үйлестірушісінің, СӨС орталығының өкілдерінің сөз сөйлеулері.