«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2019 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2019 жылдың 19 наурызында сағат 10:00- 17:00 аралығында, Ақтөбе қ. Сәнкібай батыр даңғ.249 ғимараты мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.
Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:
- зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;
- зейнетақы жүйесіне 01.01.2019 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;
- кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;
- 01.01.2019 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;
- базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер;
- Ерікті зейнетақы жарналары.
«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.