«Өзіңді және өз отбасыңды туберкулезден қорға!»

2019 жылы 11 наурыз айында "Нұрдәулет" сауда үйінде "Өзіңді және отбасыңды туберкулезден қорға!" атты ұранымен дәрігерлердің тегін кеңес берумен «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды. Акция барысында жалпы тәжірибедегі,психолог, валеолог- дәрігерлерінің туберкулездын алдын алу бойынша, вакциналаудан бас тартумен байланысты қауіп-қатер мен салдарына жұрттың назарын аудару сұрақтары бойынша кеңес беріп, артериялық қан қысымын өлшеу, қанның құрамындағы қант мөлшерін анықтау, бой, салмақ өлшеу арқылы дене массасының индексін анықтау; тұрғындарға емханаға тіркелу бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені анықтау туралы түсіндірді. Туберкулездың алдын алу мен МӘМС бойынша ақпараттық оқу ағарту материалдарын таратты. Барлығы 64 адам қамтылды.