«Өзіңді туберкулезден қорға!»

2019 жылдың 28 ақпан күні облыстық туберкулезге қарсы диспансерде «Өзіңді туберкулезден қорға!» атты ұранмен туберкулездің алдын алу және ерте анықтау бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Шараға М.Оспанов атындағы БҚММУ-ң фтизиатрия және тері аурулар кафедрасының жетекшісі, облыстық білім басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, фтизиатр дәрігерлері мен қалалық емдеу-алдын алу мекемелерінің эпидемиолог мамандары қатысты. Баспасөз-конференция барысында қатысушылар қарсы көмек көрсету, осы бағыттағы БМСК жұмысы, санитарлық - эпидемиологиялық жағдай, кадрлар, фтизиатрияның маңызды мәселелері және халық арасында санитарлық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай - ақ міндеттері, проблемалары және шешу жолдары туралы мәселелерді талқылады. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптар берілді.