"Дипломмен ауылға"

21 ақпанда Аққағаз Досжанов атындағы  Конгресс Холда Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің ұйымдастыруымен медициналық университеттің 2018-2019 жылдар түлектерін жыл сайынғы жұмысқа орналастыру бойынша алдын-алу бөлу жәрменкесі өткізілді. Жиынға Ақтөбе, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару қызметі бөлімдерінің басшылары, Ақтөбе  аудандық әкімдердің орынбасарлары, Ақтөбе, Атырау  облысының емдеу мекемелерің бас дәрігерлері қатысты. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Г.Есенбаева: "ЖАСТАР ЖЫЛЫМЕН ҚҰТТЫҚТАП", ШАЛҒАЙ АУДАНДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ орналасқан емдеу мекемелеріне жұмыс жасауға, қолданыстағы заңға сәйкес  "Дипломмен ауылға" жобасымен әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.