«Өзіңді туберкулезден қорға!»

2019 жылдың 21 ақпан күні №3 Халыққа қызмет ету орталығында «Өзіңді туберкулезден қорға!» атты тақырыпта тұрғындармен кездесу өткізілді. Шара аясында туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпарат берілді, ақпараттық оқу-ағарту материалдарын тарату ұйымдастырылды. Барлығы 35 адам қамтылды.