Хабарландыру

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасымен төмендегідей мемлекеттік кәсіпорындарды құру туралы қаулы жобасы жасақталып, Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратына келісуге жолданды:
1) ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» (Aktobe medical center) МКК құрамынан бөліп алу жолымен «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 7 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру;
2) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аяла» балаларды оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру;
3) ШЖҚ «Темір аудандық туберкулез ауруханасы» МКК мен ШЖҚ «Әйтекеби ауданының туберкулез ауруларына арналған хосписі» МКК «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта құру.
Басқармамен қаулы жобасына қатысты ұстанымдар мен ұсыныстар қабылданады.