«Өмір бойғы ұран – салауатты өмір салты!»

2019 жылдың 23 қантар күні халықтың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару мақсатында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы «SENIM» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен бірлесіп, медицина қызметкерлері арасында «Өмір бойғы ұран – салауатты өмір салты!» атты ұранмен шаңғы жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс келесі жас ерекшеліктері арасында өткізлді: 20-30 жас; 30-40 жас; 40-50 жас; 50-ден жоғары). Спартакиада ерлерге 1000 м, әйелдерге 500 м арақашықтықта өтізіледі.
Жарысқа қатысушыларға ыстық сусындармен (шай, кофе) жабдықталған арнайы автобус ұйымдастырылды. Шаңғы жарысын Қысқы спорт түрлері бойынша Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт метебінің жаттықтырушылары өткізді. Спорттық шараға барлығы 89 адам қатысып, жүлдегерлерге сыйлықтар мен грамоталар марапатталды.