Ардагерлер кеңесін құру туралы

2018 жылдың 26 желтоқсанында облыстық денсаулық сақтау басқармасында «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ –де Ардагерлер кеңесін құру туралы облыстың денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарында қызмет жасап, зейнетке шыққан ардагерлер жиналысы өтті. Жиынға 50 ден астам Ақтөбе қаласында тұратын және Алға, Қарғалы, Ырғыз, Байғанин, Мұғалжар аудандарынан ардагерлер шақырылды. Жиын басқарма басшысы Ә.Қалиевтың төрағалығымен өтті. Ардагерлер ұсынысымен денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған Роман Рахиев бірауыздан облыстық денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Р.Рахиев 1952 жылы туған. 1975 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, дәрігер – терапевт мамандығы бойынша бітірген. Ұзақ жылдар Шалқар, Әйтеке би аудандық ауруханаларында басшылық қызметтерінде болған. 1993 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе облыстық онкологиялық диспансері директорының орынбасары, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігерінің орынбасары міндеттерін атқарған. 2004 жылдан 2015 жылға дейін денсаулық сақтау басқармасында бас маманы, бөлім басшысы міндеттерін атқарды. 2018 жылдан Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Ақтөбе қалалық ұйымының төрағасы.