«Біз денсаулықты таңдаймыз!»

2018 жылдың 12 желтоқсан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы және «Арасан Актобе» ЖШС-і «Достық» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай медицина қызметкерлері және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден спорттық іс-шара өткізілді. Жүзу жарысында емдеу – профилактикалық мекемелері қызметкерлерінен құралған 13 команда қатысты, әйелдер - 25 м; еркектер үшін - 50 м жүзу болды.
Барлық қатысушылар зор сергектік пен жағымды көңіл-күй алды. СӨС кубогын облыстық перинаталдық орталық алды, 2 орын – Хромтау орталық ауруханасы, 3 орын - Облыстық тері-венерологиялық орталық иеленді. Күштілер жеңіске жетті!