2018 жыл 4 желтоқсан - Денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, 80 үй, 2 бөлігі, 46 т.е.б.-деорналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбеоблысыбойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылғатегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде*:
медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:
1) амбулаториялық емханалық көмек (ауылдық субъектілері үшін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмекті қоса алып):
- медициналық санитариялық-амбулаториялық көмек:
- консультациялық-диагностикалық көмек;
2) стационарлық көмек (ауыл субъектілері көрсететін стационарлық көмекті қоспағанда),
оның ішінде:
- жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға;
- онкогематологиялық науқастарға;
- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
- паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;
3) ауыл субъектілері көрсететін стационарды алмастыратын көмекті қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек,
оның ішінде:
- онкогематологиялық науқастарға;
- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
- паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;
- амбулаториялық гемодиализ;
- перитонеалды диализ;
4) жедел медициналық көмек,
5) білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитарлық көлікпен тасымалдауға байланысты медициналық көмек;
медициналық көмектің түрлері бойынша:
- дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
- білікті медициналық көмек;
- мамандандырылған медициналық көмек;
- медициналық-әлеуметтік көмек,
оның ішінде:
1) онкологиямен ауыратындаға,
2) туберкулезбен ауыратындарға,
3) психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқас;
4) алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға
5) АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖИТС-мен ауыратындарға
қызметтер бойынша:
- қан қызметі саласындағы қызметтер;
- патологоанатомиялық диагностика қызметтері;
- қатерлі ісіктерді анықтау бойынша ерте диагностикасына скринингтік зерттеулерді жүргізу қызметтері (жатыр мойны обыры; колоректалды обыр; сүт безі обыры)**;
Жанбасына шаққандағы нормативке кірмейтін консультативті –диагностикалық қызметтер бойынша:
1) ортодонтиялық көмек көрсету кезінде тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты (ортодонтиялық пластинка) пайдалана отырып, жақ-бет саласында туа біткен патологиясы бар балаларға қызметтер;
2) маманның жолдамасы бойынша балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін жоспарлы стоматологиялық көмекке (ортодонттық және ортопедиялықтан басқа) қызметтер және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін шұғыл стоматологиялық көмек қызметтер ;
3) жылжымалы медициналық кешендердің көрсетілетін қызметтері;
4) маманның жолдамасы бойынша халықтың әлеуметтік тұрғыдан осалсанаттары үшін қымбат тұратын диагностикалық зерттеулердің түрлері: полимерлік тізбекті реакция, иммунофенотиптеу, компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография; позитронды-эмиссиялық томография, бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография, ангиография;
5) жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу қызметтері (ультрадыбыстық скрининг ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренаталдық емшаралар, биохимиялық скрининг цитогенетикалық зерттеу);
6) травмотологиялық пункттердегі қызметтер;
7) тері-венерологиялық диспансерлерде (көп салалы ауруханаларға қарасты бөлімшелерде);
8) ағзаларды транспланттағаннан кейінгі зертханалық диагностикабойыншакөрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.
Көрсетілген медициналық қызметтер Ақтөбе облысының аумағында көрсетіледі.
Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, 80 үй, 2 бөлігі, 46 т.е.б.-де,№2г-кабинетіне ұсынады.
Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы«04» желтоқсан09 сағат 00 минут.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «19» желтоқсан 18 сағат 30 минутқа дейін.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7132) 97 23 19.
Ескертпе:
* Өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау субъектілері ұсынады. www.fms.kz Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау www.mz.gov.kz).
** Өтінімдерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері береді .