2018 жыл 30 қараша - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге
хабарландыру
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекенжайында орналасқан, 2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:
медициналық көмек нысандары бойынша:
стационарлық медициналық көмек, оның ішіндеинфекциялық аурулармен;
стационарды алмастыратын медициналық көмек, оның ішінде гемодиализ қызметі;
санитариялық (жер үсті) авиация;
осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық көрсетілетін қызметтер және арнайы медициналық оңалту қызметтері;
медициналық көмек түрлері бойынша:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
мамандандырылған медициналық көмек;
Аталған медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының аумағындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоспарланған көлемдеріне өтінімдерді (бұдан әрі - өтінімдер) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына жұмыс күндері Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекенжайына тапсырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні және уақыты- 2018 жылдың «04» желтоқсан 09 сағат 00 минут.
Қатысуға өтінімдерді және оған қоса құжаттарды берудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың «07» желтоқсан17сағат 30 минут.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 7132 97 23 19
Ескерту:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.densaulyk.aktobe.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруға
1-қосымша
Қымбат тұратын
консультативтік-диагностикалық қызметтердің тізбесі
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес)
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг)
2. Компьютерлік томография