Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері ара

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекен жайында орналасқан, 2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:
медициналық көмек нысандары бойынша:
стационарлық медициналық көмек (қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту, мейіргерлік күтім, паллиативтік көмек)
санитариялық (жер үсті) авиация;
медициналық көмек түрлері бойынша:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
білікті медициналық көмек;
мамандандырылған медициналық көмек;
Аталған медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының аумағындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоспарланған көлемдеріне өтінімдерді (бұдан әрі - өтінімдер) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына жұмыс күндері Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекен жайына тапсырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні және уақыты - 2018 жылдың «8» қараша 09 сағат 00 минут.
Қатысуға өтінімдерді және оған қоса құжаттарды берудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың «17» қараша 18 сағат 30 минут.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 7132 97 23 19
Ескерту:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.densaulyk.aktobe.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.