«Қант диабетінің алдын алу»

2018 жылдың 8 қараша күні қант диабетінің алдын алу шараларына халықтың назарын аудару мақсатында облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында акция өткізілді. Акция аясында ЛОР дәрігері, терапевт мамандарының кеңесі, артериалдық қан қысымын өлшеу, қандағы қан мөлшерін анықтау, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды. Акция ұйымдастырушылары көптеген алғыс сөздерін келушілерден естіді. Барлығы 36 адам қамтылды