Аймақ басшысы бірқатар ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарын аралады .

Аймақ басшысы бірқатар ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарын аралады  Сенбі, 3 қараша күні  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарды жұмыс сапарымен аралады. Аймақ басшысы мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында облыстық балалар ауруханасына жапсарлас тұрғызылып жатқан онкогематологиялық орталықтың құрылыс жұмысының барысымен танысты. 2019 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отырған құрылыстың инвесторы Словакиялық «Н-Н ТЕСНNІКА» ЖШҚ бас ди⁠ректоры Ян Хован. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы аталған әлеуметтік нысанның құрылысын сапалы әрі уақытында тапсыру туралы тапсырма берді.  Б.Сапарбаев барған келесі нысан облыстық перинаталдық орталық болды. Кеңес  беру-диагностикалық бағытында 190 орынға жасақталған әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі нысанның аймаққа қажеттігін баса айтып, келешекте өңір тұрғындарының  денсаулығына зор әсер ететініне тоқталып өтті.
Облыс әкімі Жаңақоныс елді мекеніндегі мемлекеттік жеке меншік әріптестікпен облыстық медицина кластерін дамыту аясында құрылысы басталған  check-up center жұмыстарымен де танысты. Келер жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланып отырған бұл орталық та аймақ халқының түрлі аурулардың алдын алып, емделуіне,  денсаулығын қорғауға зор септігін тигізеді деп күтілуде.
Өңір басшысы жұмыс сапарын қорытындылай келе сала бойынша жауапты мемлекеттік орган басшыларына әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауын қатаң бақылауға алу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.