Оңтүстік кореялық мамандар Ақтөбе облысында медицинаны дамытуға дайын

Оңтүстік кореялық мамандар Ақтөбе облысында медицинаны дамытуға дайын
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «K-Medical Lab» оңтүстік кореялық корпорациясының бас ди⁠ректоры Ли Кын Ёнгпен кездесті.Кездесу кезінде денсаулық сақтау саласындағы екі жақты ынтымақтастық сұрақтары талқыланды. Атап айтқанда, компания басшылығы өңірге Оңтүстік Кореяданжоғары кәсіби медицина мамандарын тарту қызметтерін ұсынды..- Біз Ақтөбе облысы туралы ақпаратпен алдын ала таныстық. Мұнда медицинаның қалай дамып жатқанын көріп отырмыз, сондықтан қызығушылық танытып, келіп тұрмыз. Егер мұнда денсаулық сақтау саласын әрі қарай да дамытса, онда дұрыс диагноз бен дұрыс ем алу үшін тек көрші қалалардан ғана емес, көрші республикалардан да келетін болады. Біз медицина деңгейін дамытып, көтеру үшін сіздермен әріптес болғымыз келеді, - деп атап өтті Ли Кын Ёнг.
Қонақтарды тыңдаған облыс әкімі бұл бастаманың шешімін  мұқият зерттеуден кейін қабылдайтындығын атап өтті.- Ақтөбе облысы Оңтүстік Кореямен тығыз әріптестік қарым-қатынаста, әсіресе медицина саласында. Біз Сеул ұлттық университеті жанындағы «Кангнам Северанс» емханасымен жұмыс істейміз. Олардың мамандары бізге келеді, біздікілер Оңтүстік Кореядаоқып жатыр. Жалпы, медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастық ұнемі кеңею үстінде. Тек Оңтүстік Кореяның ғана емес, Түркия, Ресей, Белорусь, Израиль елдерінің де жетекші емханаларымен өзара қарым-қатынаста болу туралы меморандумдар жүзеге асырылуда. Егер денсаулық сақтау саласындағы жаңа жобалар облыс тұрғындарының игілігіне қызмет ететін болса, біз оларды жүзеге асыруға қашанда әзірміз, - деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.