Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс-қимыл бойынша Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті (одан әрі - Департамент) 31.01.2017 жылғы №25 бірлескен бұйрық негізінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасымен, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау Басқармасымен (одан әрі - ДСБ), медициналық қызметтерге төлем жасау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен (одан әрі - МҚТКД), медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен (одан әрі – МФҚБКД) бірге 2017 жылдың 1 ақпаны мен 1 наурызы кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас женмқорлық қауіптеріне талдау жүргізді.
Аталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша жүзеге асырылған сырттай талдау қорытындылары негізінде сыбайлас жемқорлық қауіптерін жою бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспардың 1, 3, 9 тармақтарын орындау үшін Басқармамен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданды.
Сонымен бірге, жүзеге асырылған сырттай талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық қауіптерін жою бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақтөбе облысының психоневрологиялық диспансері» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсетулерге уақытша шектеу қою бөлігіндегі 2017 жылдың 4 қаңтарындағы №1-ө-п.49 бұйрығының күші жойылды және 2017 жылдың 2 наурызында №18-ө п.2 жаңа бұйрық шығарылып, онда ДКК өткізу уақыты жұмыс күні бойы деп белгіленді.
Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексін сақтау және оларды сыйақылауды болдырмау мәселелері бойынша Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында отырыстар өткізді.
«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасы аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен көтеру бойынша ынтымақтасу жөнінде 2018 жылы «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалымен меморандумға қол қойылды.
Басқармамен 2018 жылдың 4-тоқсанында «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында сатып алуды өткізу бойынша және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының тәжірибесі: автоматтандыру және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Агенттігімен бірге өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» тақырыбына конференция өткізу жоспарланды.