Ақтөбе облысында Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Қобда және Ойыл аудандарының тұрғындарымен, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесуде Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында көрсетілген нақты тапсырмалар талқыланып, алға қойылған жоспарлар баяндалды.
Вице-министр өз сөзінде емханалардағы кезекті жоюдың бірден-бір төте жолы - қағазсыз ауруханаға көшуге байланысты жұмыстарға, цифрландыру бойынша алынып жатқан шараларға тоқталды.
Сонымен бірге вице-министр аудандық орталық ауруханалардың, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың жұмысымен танысты.