Хабарлама

Мемлекет-жекеменшік серіктестігінің «ШЖҚ Ақтөбе облыстық ауруханасы» МКК екі қабатты галереяны жалғастыра салу» жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау жөнінде байқау өткізу туралы
19.10.2018 жылғы
ХАБАРЛАМА
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ нысан құрылысы және оған техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекет-жекеменшік серіктестігі шартын бекітуге байқау жариялайды, сонымен бірге келесі жоба бойынша құрастырылған техникалық тапсырмаға сәйкес жеке серіктестерден техникалық ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады:
· «ШЖҚ Ақтөбе облыстық ауруханасы" МКК екі қабатты галереяны жалғастыра салу»
Жеке серіктестерді анықтау бойынша байқауға қатысқысы келетін нақты жеке серіктестер техникалық тапсырманы алып, 2018 жылдың 19 желтоқсан дейін төменде көрсетілген мекенжайларға техникалық ұсыныстарды ұсынуы қажет:
· Почталық адресі: 030000
· Ұйымның атауы: «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы»
· Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 6-қабат, 602 кабинет
· Телефон нөмірлері: 8 713256-30-55, 8 713 256-02-11,
· E-Mail: plan_dz@mail.ru
· Байланысатын тұлға: Дүйсенбаева Айгүл Қангерейқызы
1. Жоба туралы мәліметтер
· «ШЖҚ Ақтөбе облыстық ауруханасы" МКК екі қабатты галереяны жалғастыра салу»
Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:
Мақсаты – клиникалық квфедраларда оқыту үрдісі үшін бөлмежайлардың санитариялық күйін ҚР санитариялық қағидалары мен ережелерінің 3.02-08-2010 сәйкестендіру үшін кейіннен пайдалану мен техникалық сипаттамаларды қамтамасыз ету арқылы Жаңақоныс ауылында ШЖҚ «Ақтөбе облыстық ауруханасы» МКК ауысу үшін галереяның қосалқы ғимаратының құрылысын салу.
Міндеттері: Ақтөбе облысының тұрғындарына толыққанды білікті медициналық көмек көрсету үшін клиникалық және ғылыми-әдістемелік жұмыс деңгейін көтеру.
Қуаттылығы:
қабаттылығы-2 қабат;
жалпы ауданы – 910,5 шаршы метр.
Нысанның орналасқан жері:
· Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылы, ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК ересектер стационарының аумағы.
Іске асырылу кезеңі:
· Құрылыс кезеңі: 2018 жылдың 4 – тоқсаны және 2019 жылдың 1-2 тоқсаны (7 ай);
· МЖС шартының мерзімі: 3 жылдан 30 жылға дейін (мерзім мәселесі нақты жеке серіктеспен бөлек келісіледі).
Байқау түрі:
· Қос сатылы рәсімдерді пайдалану арқылы
(ҚР Үлттық экономика министрінің 28 ақпан 2015 жылғы №165 бұйрығымен бекітілген ғимараттарды және құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық күрделі нысандарға жатқызудың ортақ ретін анықтау Ережелерінің 9-тармағына сәйкес мемлекет-жекеменшік серіктестігінің нысаны Жаңақоныс ауылында ШЖҚ «Ақтөбе облыстық ауруханасы» МКК ауысу үшін галереяның қосалқы ғимаратының құрылысын салу техникалық күрделі және (немесе) бірегей деп айқындалды.
2.Жеке серіктестерді анықтау бойынша байқаудың өткізілетін күні, орны және уақыты
Жеке серіктестерді анықтау бойынша байқау 2018 жылдың 19 желтоқсанында Әбілқайыр хан даңғылы 40 мекенжайында орналасқан Ақтөбе облысы әкімдігінің 630 кабинетінде жергілікті уақытпенн сағат 15.00-де өтеді.
3.Нақты жеке серіктестерге қойылатын
біліктілік талаптары
Жеке серіктестікті анықтау бойынша байқауға қатысу үшін нақты жеке серіктес келесі жалпы біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
· Құқықтық әрекетке қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке қабілеттілікке (жеке кәсіпкер үшін) ие болуы керек;
· Төлем қабілеті, салық қарызы болмауы қажет;
· Мемлекет-жекеменшік серіктестігі шарты бойынша шарт міндеттемелерін орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық, еңбек қорлары болуы керек;
· Банкроттылық не болмаса жабу шарасына жатпауы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбауы керек, оның қаржылық-шаруашылық қызметі ҚР заңнамасына сай тоқтатылмауы тиіс;
· соңғы үш жылда бекітілген мемлекет-жекеменшік серіктестігі шарттары бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісті түрде орындамағаны үшін жосықсыз жеке серіктес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
Нақты жеке серіктес – ҚР бейрезиденті ҚР «Мемлекет-жекеменшік серіктестігі туралы» Заңының 32-бабымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестілігін растау үшін ҚР резиденттерімен ұсынылатын құжаттарды не болмаса ҚР нақты жеке серіктесі – бейрезидентінің біліктілігі туралы сол тәріздес мағлұматтар бар құжаттарды ұсынады.
4.Біліктілік талаптарына сәйкестілігін растайтын
нақты жеке серіктестермен ұсынылатын
құжаттар тізімдемесі
Білікті таңдау жүргізу үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестілігін растау бойынша нақты жеке серіктестерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) нақты жеке серіктестің шоттарында ақшаның барын, меншік құқығын және жылжымалы, жылжымайтын мүлік құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариуспен куәландырылған көшірмелері;
2) ҚР 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік тіркеу және қаржылық есептілік» Заңының 2, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 баптарына не болмаса қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай әзірленген өткен толық екі қаржы жылындағы қаржылық есептілік түпнұсқасы. Егер нақты жеке серіктес екі жылдан кем уақыт жұмыс жасаса, қаржылық есептілік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бері кезеңге ұсынылады. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есептілікке қосымша ҚР 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік тіркеу және қаржылық есептілік» Заңының 17-бабына сәйкес не болмаса қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай шоғырландырылған қаржылық есептілікті әзірлейді және ұсынады. Егер нақты жеке серіктес МЖС жобасын іске асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалармен құрылған жаңа заңды тұлға болса, МЖС аса маңызды жобаларына қатысты бұндай құжатты аталған нақты жеке серіктестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады.
3) бірінші басшы немесе нақты жеке серіктестің уәкілетті өкілі қол қойған және нақты жеке серіктестің мөрімен куәландырылған соңғы есептік мерзімге (соңғы қаржылық жылға) «Негізгі қаражаттар» бухгалтерлік балансының мазмұнын ашу;
4) бірінші басшы немесе нақты жеке серіктестің уәкілетті өкілі қол қойған және нақты жеке серіктестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжанбалы қарызын өтеу мерзімдері және берешек мақсаттары (қарыз не үшін қалыптасты), олардың құнсмыздануы бойынша есептелген резервтер сомасы көрсетілген соңғы есептік мерзімге (соңғы қаржылық жылға) дебиторлық және кредиторлық қарыздың мазмұнын ашу. Банк займдары болса, негізгі қарыз бен пайыздарын өтеу кестелерімен шарт көшірмелерін қоса жалғау;
5) төлемге қабілеттілігі, жабуға жатпайтыны, оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тоқтатылмағаны, мүлкіне тыйым салынбағаны, МЖС бекітілген шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін соңғы үш жылда заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы нақты жеке серіктестің кепілхаты;
6) ҚР заңнамалық актілерімен аудитті міндетті түрде жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржылық жыл бойынша аудиторлық есеп ұсынады;
7) типтік жарғының негізінде әрекет еткен жағдайлардан басқасында заңды тұлға жарғының нотариуспен куәландырылған көшірмесін ұсынады. ҚР бейрезиденттері сауда тізілімінің жарияланған көшірмесінің мемлекеттік және орыс тіліне аударылған нтариуспен куәландырылған нұсқасын ұсынады;
8) тіркелген заңды тұлға, филиалы немесе өкілдігі туралы анықтама;
9) кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін тиісті мемлекеттік органмен берілген құжаттың нотариуспен куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің нотариуспен куәландырылған көшірмесі;
10) ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік тіркеу шоттарының типтік жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннен бұрын барлық міндеттемелер бойынша кешіктірілген бережақтардың жоқтығы туралы нақты жеке серіктесте қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтаманың түпнұсқасы. Егер нақты жеке серіктес екінші деңгейлі банктердің немесе филиалдарының және шетелдік банктердің клиенті болса, бұндай анықтама осындай әр банктерден ұсынылады.
ҚР «ҚР кредиттік бюро және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы» Заңының 29-бабына сәйкес кредиттік бюро ұсынатын кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.
Банк анықтамасы (немесе кредиттік есеп) байқауды ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінен бұрын, екі айдан ерте беріледі.
Байқауға жай серіктестік түріндегі жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі қатысса, оның қатысушылары осы Ережелермен белгіленген құжаттардан бөлек өзінің біліктілік талаптарын растау үшін қосымша мына құжаттарды ұсынады:
бірлескен қызмет жөнінде нтариуспен куәландырылған шарт көшірмесі;
қарапайым серіктестік мүшелері арасында бекітілген бірлескен жауапкершілік туралы шарттың нотариуспен куәландырылған көшірмесі;
серіктестіктің атынан байқау аясында келіссөздепр жүргізуге және басқа іс-шаралар атқару үшін жай серіктестік өкіліне сенімхаттың нотариуспен куәландырылған көшірмесі.
Нақты жеке серіктестер өз қарауы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестілігін растайтын басқа құжаттарды ұсынады.
Нақты жеке серіктес – ҚР бейрезиденті біліктілік талаптарына сәйкестілігін растау үшін ҚР резиденттерімен ұсынылатын құжаттарды не болмаса ҚР нақты жеке серіктесі – бейрезидентінің біліктілігі туралы нотариуспен куәландырылған байқау құжаттамасының тілдерге аударылған нұсқаларымен сол тәрізді мағлұматтарды және резиденттіліктің қосарландырылған сертификатын ұсынады (егер халықаралық шартпен басқасы қарастырылмаса).
Егер МЖС нысаны ақпараттық қорлар және (немесе) ақпараттық жүйелер болса нақты жеке серіктес ақпараттық қорларға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік құқығы туралы құжаттарды ұсынады.