«Белсенді өмір салты-жастарға үлгі!»

2018жылдың 1 қазан күні Қарт адамдар күніне орайластырылған қарт адамдар арасында «Белсенді өмір салты-жастарға үлгі!» ұранымен облыстық шахмат турнир №1 ОБЖСМ-да өткізілді. Шахматты белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды факторы ретінде насихаттау және танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау мен облыс тұрғынының өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін, сондай-ақ азаматтардың шахматтық спортқа қызығушылығын арттыру және облыс тұрғындары арасында шахмат спортын танымал ететін іс-шараларды өткізу мақсатында 15-24 қыркүйек аралығында Облыстың 32 денсаулық сақтау ұйымында аймақтық шахмат турнирі өтті. Турнирге 60 жастан асқан ерлер мен әйелдер (барлығы 324 адам) қатысты. Бүгін облыстық турнирдің 32 жеңімпаздары жүлделер үшін күресті. Барлығы 78 адам қамтылды.