2018 жыл 1 қазан - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге
хабарландыру
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекенжайында орналасқан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін өткізетіндігін хабарлайды:
медициналық көмек нысандары бойынша:
стационарлық медициналық көмек оның ішінде:
ауылдық жерлерде стационарда көрсететілетін көмекті қоспағандастационарлық көмек;
инфекциялық аурулармен стационарлық медициналық көмек;
туберкулезбен ауыратын науқастарды сауықтыру және медициналық оңалту медициналық көмек;
мейіргерлік күтім қызметтері
стационарды алмастыратын медициналық көмек (амбулаторлық гемодиализ қызметтері);
консультациялық-диагностикалық көмек :
- қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық қызметтер(Компьютерлік томография);
- патологоанатомиялық бюро қызметтері (цитологиялық және гистологиялық зерттеулер);
- шұғыл стоматологиялық көмек қызметтері;
- жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтері;
- травматологиялық көмек қызметтері (травматологиялық пункттерде);
- мамандандырылған оңалту орталықтарындағы қызметтер;
2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында.
Аталған медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының аумағындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоспарланған көлемдеріне өтінімдерді (бұдан әрі - өтінімдер) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына жұмыс күндері Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекенжайына тапсырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні - 2018 жылдың «01» қазан09 сағат 00 минут.
Қатысуға өтінімдерді және оған қоса құжаттарды берудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың «10» қазан18 сағат 30 минут.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: 8(7132)972319; 8(702)5314265, 8(702)2354255.
Ескерту:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.densaulyk.aktobe.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.