«Жедел-жәрдемді» қанша уақыт күту керек?

МСАК түсінігіне жедел-жәрдем көмегі де кіреді. Айта кетейік, елімізде жәдел медициналық көмек кез-келген тұрғынға тегін негізде көрсететіледі.
2017 жылдың тамыз айында ҚР-да алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері күшіне енді. Халыққа көрсетілетін жедел алғашқы медициналық көмек көрсетудің сараланған тәсілдеріне сәйкес, шақыртулар аурудың негізгі белгілері бойынша жіктеледі.
Айта кетейік, егерде зардап шегушінің немесе науқастың өміріне қауіп төніп тұрса «жедел-жәрдем» 10 минуттың ішінде келеді.
Науқастың жағдайы ауыр болған жағдайда жедел-жәрдем қызметінің 2-ші санаттағы бригадасы 15 минуттың ішінде жетеді.
Егерде науқастың денсаулығы аса ауыр емес, орташа жағдайда болса жедел-жәрдем 30 минуттың ішінде келеді.
Біліп жүргенінің жөн, егерде емделушінің өміріне қауіп төндірмейтін созылмалы аурулары немесе жіті жедел аурулары қабынып, науқастың денсаулығы асқынған кезде жедел-жәрдем көлігі 1 сағаттың ішінде келеді.