«Менің жүрегім, сенің жүрегің!»

2018 жылдың 20 қыркүйек күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүрек-қантамырлары аурулардың алдын-алу және ерте анықтау бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. М.Оспанов атындағы БҚММУ профессор, ДСБ орынбасары, емдеу алдын алу мекемелерінің алдын алу және психоәлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушілері, кардиолог, жалпы тәжірибелі және СӨСҚ дәрігерлері қатысты. Ақтөбе облысындағы науқастардың жағдайы, жана методикаларды қолдану және жүрек-қантамырлары аурулардың алдын алу бойынша халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмысы жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы талқыланды. БАҚ өкілдеріне сұрақтарға жауаптар берілді.