«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі»

2018 жылдың қыркүйек айының 13-де Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» атты тіл айлығы аясында басқосу ұйымдастырылды. Кездесуге «Үш таған»рухани-танымдық журналының бас редакторы Бақыт Жаншаева мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің доценті,филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Садуақас қатысты. Оларға қазақ тілінің қазіргі таңдағы қолданыс аясы,тілдің шұбарлануы мен аударма мәселелерімен қатар латын әліпбиіне көшу туралы ойларын ортаға салды.
«Қазір елімізде латын әліпбиіне негізделген емле ережелері сынақтан өтуде. Ең бастысы-үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл керек. Біз өз ұлтын сыйлайтын, өз ұлтымен мақтана алатын ұрпақ тәрбиелеу керекпіз.Тіл тазалығына мән беру керекпіз. «Жеті жұрттың тілін біл» деген бабаларымыз.» деді Бақыт Құрманқызы.
« Латын әліпбиіне көшу болашақ ұрпағымыз үшін қажет. Қоғам ілгері алға қарай дамыған сайын тіліміз де жаңарып келеді. Қазақта «Көш жүре түзеледі» деген даналық сөз бар.Тілімізді кірме сөздерден тазартуда да латын тілінің пайдасы бар деп есептеймін. Біз бұл жақсы бастмаға жұмыла үлес қосу керекпіз» деп атап өтті Нұрбол Абдоллаұлы.
«Латын әліпбиі бастамасына үлес қосу-парызымыз деп санаймын. Балаларымыздың болшағаы үшін керек.Ең алдымен өз ана тілімізді білгеніміз жөн. Әрбір адам өз отбасында ана тілінде сөйлеп, отбасында тәрбиені қазақ тілінде бергені құба құп. Балаларымыз жақсы азамат болсын десек, алдымен өзіміздің тілімізді насихаттап, ұлттық тәрбиеден қол үзбеген де дұрыс. » деді ЖИТС орталығының бас дәрігері Жасқайрат Сүлейменов.
Жиналғандар көкейіндегі сауалдарын қойды.