Ақтөбе облысында органдарды трансплантациялаудың елуінші операциясы жүргізілді

Қазіргі заманғы медицина науқастың органдарының жазылмайтын ауруларын емдеуге болатын деңгейге жетті. Трансплантациялаудың жетістігі осы операциядан өткен адамның денсаулығы мен өмір сапасын толық қалпына келтіру мүмкіндігін дәлелдейді.2014 жылдан бастап Ақтөбе облысында органдарды трансплантациялау бағдарламасы табысты орындалуда.
Осы уақыт ішінде органды трансплантациялаудың барлық мәселелері бойынша халыққа көмек көрсететін барлық қызмет құрылды. Ақтөбе медициналық кластері базасында бүйректі трансплантациялау бойынша өздігінше операциялар қазіргі заманғы барлық стандарттарға сәйкес келеді. Көп жағдайда науқастың туыстары донор болып табылады.
Жақында Ақтөбеде бүйрек трансплантациялаудың кезекті операциясы жүргізіліп, онда науқастың өз қарындасы донор болды, осылайша ол ағасына екінші өмір сыйлады. Бұл Ақтөбе жеріндегі елуінші операция болғандықтан дәрігерлердің арнайы есебіне алынды. Соңғы жылдары Ақтөбе дәрігерлері бүйректі трансплантациялау бойынша 38 операция, бауырды трансплантациялау бойынша 12 операция жасады.
Ақтөбе медициналық кластері трансплантациялауды одан әрі дамыту бойынша белсенді жұмыс жасауда. Басты мақсат - бүкіл Батыс өңірінің тұрғындары үшін органдарды трансплантациялауды жүзеге асыру, осылайша республикамыздың тұрғындарының денсаулығын жақсарту.