«Жол қозғалысы ережелерін білу - қауіпсіздіктің негізі!»

2018 жылдың 5 қыркүйек күні жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша онкүндік аясында Ақтөбе облыстық Ішкі істер Департаментінің зауыт жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және № 34 ОМ оқушыларымен бірлесіп «Жол қозғалысы ережелерін білу - қауіпсіздіктің негізі!» атты тақырыпта акция өткізілді.
Акция барысында Абулхайр-хан даңғылында мамандар мен жас инспекторлар арнайы киімдерімен жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп тұрғындар арасында жол-көлігі жарақатының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жол қозғалысының ережелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, қала тұрғындарына жаяу жүргіншілер жолынан өтуге көмек көрсетті және жарақаттанудың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық материалдар таратты. Барлығы 78 адам қамтылды.