«Отбасын жоспарлау – дүниеге қалаулы және дені сау баланың келуі»

2018 жылғы 28 тамыз күні - акцияның екінші күнінде Неке сарайында «Отбасын жоспарлау – дүниеге қалаулы және дені сау баланың келуі» атты ұраныменакушер-гинеколог, уролог, психолог, иммунолог және салауатты өмір салты орталығының мамандарымен кеңес берілді. Оның мақсаты – отбасы денсаулығын нығайту және сақтау, адамның ұрпақты болу денсаулығына әсер ететін қауіп факторларын болдырмау және ұрпақты әкелуі жолындағы қауіпсіз мінез-құлық үшін жауапкершілікті қалыптастыру жөніндегі шараларға халықтың назарын аудару.
Акция аясында 21 жас отбасына предгравидарлы дайындық, отбасын жоспарлау, тұлғааралық қатынастар, вакцинация мәселелері және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша толық кеңес берілді.