25.07.2018ж. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨЛЕМІН ОРНАЛАСТЫРУ РЕСІМІН ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге
хабарландыру
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекенжайында орналасқан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылғатегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде:
- стационарлық көмек;
- гемодиализ қызметтері;
- патологоанатомиялық бюро қызметтері (аутопсия, цитологиялық және гистологиялық зерттеулер)
көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.
Аталған медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының аумағындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің жоспарланған көлемдеріне өтінімдерді (бұдан әрі - өтінімдер) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына жұмыс күндері Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 80/2 мекенжайына тапсырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні - 2018 жылдың «25» шілдесі 09 сағат 00 минут.
Қатысуға өтінімдерді және оған қоса құжаттарды берудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың «08» тамыз18 сағат 30 минутқа дейін.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады: 8(7132)972319; 8(702)5314265, 8(702)2354255.
Ескерту:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.densaulyk.aktobe.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.