Ақтөбе облысында бос жұмыс орындары туралы жедел ақпарат

Қазіргі таңда облыс бойынша 252 жұмыс берушіден 2988 бос жұмыс орындары тіркелді.
Оның ішінде,Ақтөбе қаласында
-білім саласына-136 адам қажет
- Денсаулық сақтау саласына -102 адам қажет, оның 12 адам арнаулы орта медициналық білімі бар маман қажет, 90 жоғары медициналық білімі бар маман қажет.
-ауыл шаруашылығын қалыптастыруға 351 адам қажет, атап айтсақ: агроном - 11, зоотехник – 23, мал дәрігерлері – 16, инженер-механик мамандары – 38, сауын құрал-жабдықтарына оператор мамандары -23, трактор жүргізушісі - 94 , жылқышы – 19, қой шаруашылық кешендеріне және механикалық фермаға операторлар – 38, малшы – 43, шопан – 46 адам және т.б.
Ақтөбе қаласының өндіріс ұйымдарына 21 автобус және жеңіл көлік жүргізушілер, 20 өрт сөндіру көліктеріне жүргізушілер, 57 тігінші, 89 адам сауда-саттық саласына, 52 адам қоғамдық тамақтандыру саласына, көгалдандыру жұмыстарына мамандар - 7 адам, 18 қызмет көрсету ғимараттарына еден жуушы, 41 аула сыпырушысы, 76 қосалқы жұмысшылар т.б.
Жолдарды жөндеуге 250 –ден астам адам қажет, соның ішінде: машинист бульдозер жүргізушісі - 11, экскаватор жүргізушісі – 2, жүк тиегіш жүргізушісі- 7, автогрейдер жүргізушісі - 6, автокран жүргізушісі- 7 адам т.б.
Құрылыс жұмыстары басталуымен 300 ден астам құрылыс мамандары қажет болады (тас қалаушы, тақташы, сылақшы-бояушы, қосалқы жұмысшылар т.б.).
Жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық Халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарласыңыздар.
Өзіңіздің резюмеңізді және бос жұмыс орындары туралы мәліметті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Электрондық еңбек биржасы» www.enbek.kz интернет-порталына орналастырыңыз, оның мақсаты жұмыс табу және қызметкерлерді іріктеуге көмек көрсету. Порталда күн сайын жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің, жеке жұмысқа орналастыру агенттіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының бос жұмыс орындары туралы мәліметі жарияланады.
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Орн.Жубаназарова А.Б тел 54-16-08