Ақтөбелік балаларға Оңтүстік Кореядан келген ортопед дәрігер консультация берді Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақтөбелік балаларға Оңтүстік Кореядан келген ортопед дәрігер консультация берді Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды Қазақстан, Ақтөбе – Пусан ұлттық университеті Госпиталінің (ПҰУГ) дәрігері түрлі диагноздармен келген 50-ге жуық балаға тегін консультация берді. Арнайы сол үшін Пусаннан қаласынан профессор-ортопед Чжонг Соп Ли (Jung Sub Lee) Ақтөбе қаласына үш күнге келді. Кішкентай балаларға Ақтөбе медициналық орталығының базасында консультация берілді. Ол орталық облыстық клиникалық аурухананы (ересек адамдарға арналған стационар), облыстық балалар клиникалық ауруханасын (балаларға арналған стационар) және консультативтік-диагностикалық орталықты біріктіреді. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы мұнда жатқызылған науқастардың саны 24,1%-ға көп болды. Бұл көрсеткішке балалар стационарындағы науқастардың саны 16,7%-ға және ересектерге арналған стационардағы науқастардың 55%-ға көбеюі нәтижесінде жетті. Корея дәрігері қалаға 6 маусымда келіп, балаларды екі сағат бойы қабылдады. Кішкентай науқастарды қарау 7 және 8 маусымда жалғасты. Маман алдын ала ауру тарихын сұрап, танысқан болатын. Олар бірінші кезекте мойын және кеуде омыртқасы дамуының туа біткен ауытқуы, С4 және Th3 даму ауытқуы есебінен мойын және кеуде омыртқасының S-тәріздес сколиозы, аяқтың құрамдас ақауы, майтабан, гипоплазия және оң жіліншіктің қысқалығы, бас ми мен жұлынның орталық жүйке жүйесінің туа біткен дамуындағы кеуде қуысының деформациясы және т.б. сияқты күрделі диагнозы бар балаларды қабылдағанын атап өтеміз. Сонымен қатар Пусан ұлттық университетінің мамандары Ақтөбе медициналық орталығының жұмысымен танысты. Ал бүгін тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол құжатта озық медициналық технологиялар мен ақпарат алмасу, емдік курстарды түсіндіру бойынша нұсқау беретін сессияларды бірлесіп ұйымдастыру, волонтерлік іс-шаралар, ауруханаларды басқару саласындағы алмасу және науқастарды емдеу үшін бірлескен жұмыс жүргізу, адам ресурстарын алмасу үшін бірлескен бағдарламаларды әзірлеу мен ұйымдастыру және т.б. көзделген. Осы күні «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта ақпарат алмасу, жергілікті медициналық мекемелермен және жергілікті денсаулық сақтау органдарымен ұйымдастыру мәселелерін шешуде жәрдемдесу және т.б. көзделеді. ПҰУГ мамандарының Ақтөбеге келуін ұйымдастырушылар – LCB partners компаниясы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры. Осыған дейін Алматыда мұндай консультациялар үш рет болған, олармен 200-ге жуық бала қамтылды. Өз кезегінде, «Халықаралық ынтымақтастық біздің қорымыз үшін норма болды. Біз Ресей, Италия, Литва, Украина, Оңтүстік Корея әріптестерімен жұмыс істейміз. Әсіресе Пусан ұлттық университетінің Госпиталімен ынтымақтастықты атап өткен жөн. Бұл Университеттің профессорлары Қазақстанның дәрігерлерімен көптен бері ынтымақтастықта жұмыс істеуде және өздерінің тәжірибесімен қуана алмасады» - деп атап өтті «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.