Семинар-кеңесі ұйымдастырылып өткізілді.

Биылғы жылы Менингококк инфекциясының аурушаңдығының эпидемиологиялық кезеңіне байланысты және де республика бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып менингококк инфекциялармымен сырқаттанушылықтың санитарлық- профилактикалық іс-шараларын күшейту мақсатында, ағымдағы жылдың 29-шы мамыр күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің ұйымдастыруымен М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті жұқпалы аурулар кафедрасы, облыстық клиникалық жұқпалы ауруханасы дәрігерлері және де Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандарымен бірлесе отырып емдеу алдын алу семинар-кеңесі ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға қалалық және де аудандық медициналық ұйымдарының мамандары, яғни ЖШС «алғашқы көмек» мамандары, емхана меңгерушілері, инфекционист, эпидемиолог, балалар дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер мамандары қатысты.
Семинар-кеңесте талқыланған мәселелер:
-Ақтөбе облысында менингококк жұқпалы ауруы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру туралы бекітілген жоспарында белгіленген іс-шараларды әрі қарай жүргізілуі;
-Менингококк инфекциясының жедел медициналық көмегі, амбулаториялық-емханалық жәрдемнің медицина персоналы үшін диагностикасы, медициналық көмек көрсету жадынамасын және инфекцияның күмән тудыратын жағдайлар анықталған кезіндегі іс-әрекет алгоритмі дайындалып талқылануы өткізілді.
- Менингококк инфекциясының жағдайы және санитарлық-профилактикалық іс шараларды жүргізу туралы.
Облысымыздағы бастапқы санитарлық медициналық ұйымдар арасында Менингококк инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып, бастапқы санитарлық медициналық көмек көрсету мамандары салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарымен бірлесе отырып тұрғындар арасында аурулардың алдын алу маңыздылығын ескеріп санитатрлық ағарту, түсіндіру насихаттау жұмыстары жандандырылып әрі қарай жүргізілуі жалғастырылуда.