Облыста онкологиялық десант бойынша ппрофилактикалық тексеру жұмысы басталды

 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын   дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында, қатерлі ісік ауруларының алдын алудың және медициналық көмек көрсетудің  сапасын жақсару мақсатында Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен   ауыл және де қала  тұрғындарына онкологиялық десант бойынша профилактикалық қарау ұйымдастырылған болатын.
  Онкологиялық десанттың       көзделген мақсаты:-  онкологиялық аурулардың алдын ала анықтауы,
- аудандық медициналық ұйымдардың медицина  мамандарына әдістемелік көмек көрсетілуі;
- онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауды жетілдірілуі.
  Пайдаланылатын ресурстары  бейінді мамандардың қатысуымен  (ЛОР, стоматолог, хирург, проктолог, гинеколог, дерматолог, уролог) және де   М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің медициналық орталығының мамандары қатысуымен (онкогематолог, онкогинеколог, онкохирург, маммолог);
- лучевой  диагностикасы  мамандары (ФГДЭС эндоскопист маманы,   УЗИ - маманы, маммограмманы оқитын рентгенолог маман)
 
         Методикалық-әдістемелік және санитарлық-ағарту жұмыстары:
 
-мастер -класс (дәрістер оқу, семинарлар) аудандық аурухана мамандары үшін обыр ауруларының алдын алу және ерте сатыда анықтау (онкологтар мен облыстық салауатты өмір салтын қлыптастыру орталығының  мамандары);
-салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен методологиялық онкологиялық скрининг әдістемелері, нормативті-құқықтық актілері бойынша көмек көрсетілуі;
-облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  мамандарымен  аудан мектептерінде  (аудан орталығы, ауылдарда) дәрістерін оқу,  салаутты өмір сүрудің қағидалары   бойынша класс сағаттарын өткізу.
 
Онкологиялық десант  медициналық қызметіне қаралуға, аға ұрпақ өкілдеріне, егде жастағы азаматтардың, яғни 65 жастан асқан тұрғындардың медициналық  көрсеткіштері бар және де   қауіпті тобына жататын адамдардың денсаулық жағдайын қорғауды жетілдіру мақсатында, өткізіледі.
 
Тұрғындарды  жалпы қабылдаудан басқа, диспансердік бақылаудағы    онкологиялық  ауруларды  тексеруін қамтамасыз жасау және әрі қарай емдеу диагностикасы бойынша  тексеру,   қажеттілігіне қарай   медициналық оңалту, сауықтыру үшін және т.б. емдерді жасау.
Облыстағы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін 27-  медициналық ұйымдарда ағымдағы жылдың  мамыр –қараша   айында жүргізіледі.
Жалпы   облыста жоспар бойынша онкологиялық десант бойынша жұмыс жүргізу басталды.  Ағымдағы жылдың мамыр айында  Ырғыз, Әйтекеби, №1 қалалық емханада   онкологиялық десанттың профилактикалық тексеру жұмысы өткізілді.
        Барлық мамандармен  қаралғандар саны-402,   соның ішінде ауру анықталғандар саны  -188,   әр түрлі  нозологиялық формалармен  алғашқы анықталғандар   -102, қатерлі ісік ауруларына күдікті науқастар саны-79.  
       Қазіргі таңда науқастарды  әрі қарай  стандарт бойынша диагностикалық зерттеу жүргізілуде.   М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің медициналық орталығына-27 науқас диагностикалық зерттеуден өтуде.  ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК-нің диагностикалық бөліміне  8 науқас жіберілді.
 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауыл тұрғындарына  санитарлық-ағарту дәрістер  оқытылды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қатысқандар саны – 269  адам қатысты.   Тақырыбтары
-         Онкологиялық аурулардың алдын алу жолдары;
-         Сенің қалауың темекі шегу ме әлде денсаулық керек пе;
-          Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу;
 Қала және де аудан  тұрғындарына дене шынықтыру мәдениетіне баулу мақсатында  Скандинавтік жүріс  бойынша  мастер-класс өткізіліп жүріс  жаттығу жұмысы –  47 адам скандинавтік жүріспен   жүргізілді.